Мектеп кітапханасына ең көп алынған романдар — «Абай жолы» мен «Ұшқан ұя»

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп кітапханасына ең көп сатып алынған кітаптар қатарында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» мен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы тұр. Бұл туралы Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда мектеп кітапханалары қорының толығуын көріп отырмыз. Оның 89 пайызын көркем әдебиет құраса, қалған 11 пайызын деректі, фантастикалық және басқа да туындылар құраған. Олардың үлес салмағын алып қарайтын болсақ, негізінен бастауыш сыныптарға, одан кейін негізгі орта сыныптарға, содан соң жоғары сыныптарға тиесілі», - деді орталық басшысы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында.

Оның дерегінше, мектеп кітапханаларының кітап қоры 2 миллион данадан астам кітаппен толыққан.

«Сатып алынған көркем әдебиеттердің ішінде ең танымалы қайсысы дейтін болсақ, онда «Абай жолы» бірінші орында тұрғанын көреміз. Екінші орында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы, одан кейін Абайдың қара сөздері тұрғанын көреміз. Әлем әдебиетін алып қарасақ, Марк Твеннің «Геклберри Финнің бастан кешкендері», одан кейін Пауло Коэльоның «Алхимик» шығармасы тұр», - деді Елдос Нұрланов.


Соңғы жаңалықтар