Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайтын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқушылар мектепке өздеріне ыңғайлы киіммен келе алады. Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім.

Қазақстан мектептерінің әлеуметтік желілерінде оқушылардың офлайн оқуға оралуына байланысты осындай хабарландырулар жариялана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті ата-аналар! Мектеп формасына қатысты шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар. Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады. Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын. Бұл карантиндік шектеулер жағдайында ата-аналар мен оқушылардың ыңғайы үшін қабылданған шешім»,-делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.


Соңғы жаңалықтар