Мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған Төлеби тұрғындары көпбалалы анаға пәтер сыйлады

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Төлеби ауданының тұрғындары метеп бітіргендерінің 20 жылдығына орай көпбалалы анаға пәтер тарту етті. Олар қасиетті Рамазан айында осындай қайырымды іс жасап, көпке үлгі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төлеби ауданындағы №2 Ш.Уәлиханов атындағы мектебін 1999 жылы бітірген түлектер, ауызашар ұйымдастырған. Басқосуға барлық мұғалімдер мен ата-аналарын шақырып, сол жерде көпбалалы анаға бір бөлмелі пәтердің кілті мен балаларына сыйлықтар табыстаған. Осы арқылы халық санын көбейтіп отырған отбасыларға қолдау көрсеткен.

Айта кетейік, алты перзенті бар жалғызбасты ана Айнұр Қалтұрсынова жылдар бойы пәтер жалдап тұрып келген. Күйеуі өткен жылы өмірден өзған келіншектің тұңғышы 13-те болса, кенже ұлы 11 айлық. Бүгінде бес қыз, бір ұлымен күнелтіп келген ана жанға жайлы пәтер сыйлаған түлектерге алғысын жеткізді.
null null null

Соңғы жаңалықтар