Мектеп баспалдағынан құлап, комаға түскен оқушы есін жинады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Дәрігерлер ШҚО Зырянов ауданындағы мектепте баспалдақтан құлаған баланың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тоғыз жастағы мектеп оқушысының жағдайы тұрақталды, бала комадан шықты, сұрақтарды түсініп, аяқ-қолының саусақтарын қозғалта алады», - деді ҚазАқпаратқа Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Владимир Коробкин.

Еске салайық, Зыряновтағы № 1 мектептің бастауыш сыныбында білім алып жатқан үшінші сынып оқушысы сабақ аяқталғаннан кейін баспалдақпен түсіп бара жатып, бірінші және екінші қабаттың аралығынан құлап кеткен. Оған балалар, ұлын алып кетуге келген әкесі мен мектеп медбикесі жүгіріп келіп, жедел жәрдем шақырған. Бала есін біліп, жылаған, кейін комаға түскен.

Бас дәрігер Владимир Коробкиннің айтуынша, мектеп оқушысын ауруханаға екі күн бұрын жатқызылды.

«Бала 2-ші дәрежелі комада болған. Оның жағдайы тұрақты болмағандықтан, облыстық ана мен бала орталығына шұғыл жеткізу мүмкін болмады. Сондықтан Өскеменнен арнайы білікті маман шақыртылды», - деп түсіндірді ол.

Владимир Коробкин ҚазАқпарат тілшісіне жауап бере отырып, баланың құлап жатып,  желкесін ұрып алғанын мәлімдеді.

Зырянов аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. 

Соңғы жаңалықтар