Мектеп автобусы контейнерге соғылып, 5 бала ауруханаға түсті

None
None
ҚАРАӨТКЕЛ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында мектеп автобусы контейнерге соғылып, 5 бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңғы сағат 07:30-дар шамасында Целиноград ауданы, Қараөткел ауылында болды.

«Setra» мектеп автобусын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жүргізген. Ол бала толы көлікпен ауыл іргесіндегі көшелердің бірінде тұрған контейнерді соққан. Салдарынан Нұр-Сұлтанның №2 қалалық ауруханасына түрлі жарақаттармен №69 мектептің 5 оқушысы жеткізілді. Қаза болғандар жоқ.

«Балаларға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар үйлеріне жіберілді. 62 жастағы автобус жүргізушісі ӘҚК-нің 610-бабы бойынша жауапқа тартылды», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар