Мексиканың жаңа президенті зейнеткерлік жасын 68-ге дейін көтермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың таяуда сайланған президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор елдегі зейнеткерлік жасын 65-тен 68-ге дейін көтеру мүмкіндігін қарастыруға ниетті.

Бұл туралы жұма күні La Jornada газетінің сайты жаңа үкіметте қаржы министрінің орынбасары қызметіне тағайындалатын Херардо Эскивельге сілтеме жасап хабарлады.

Оның айтуынша, мұндай қадам Мексикадағы зейнетақы жүйесін реформалаудың басқа мүмкіндіктерімен бірге бағаланады. Эскивель осы саладағы өзгерістердің Лопес Обрадордың алты жылдық президенттік мерзімінің екінші жартысында, яғни 2021 жылдан кейін жүзеге асырылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар