Мексиканың солтүстігінде жеңіл ұшақ апатқа ұшырады

None
None
МЕКСИКА. ҚазАқпарат – Мексиканың солтүстігіндегі Сонора штатында сенбі күні жеңіл ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақтағы төрт адам, оның ішінде ұшқыш та қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Milenio газетіне сілтеме жасап.

Үш жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуінің жағдайы өте ауыр. Оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерден ұшақ жерге соғылғаннан кейін толығымен жанып кеткенін көруге болады.

Билік ұшақ апатының мән-жайын тексеруді бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ электр желісіне соғылғаннан кейін құлаған.


Соңғы жаңалықтар