Мексиканың Кокула қаласында тағы 12 адам жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Герреро штатының бұған дейін 43 студент із-түзсіз кеткен Кокула қаласында тағы 12 адам жоғалып кетті.

Канаданың Media Luna шахтасының қызметкері Хуан Суньигидің айтуынша, ұрланған адамдардың барлығы сол жерде жұмыс істеген. Алайда бұл ақпаратты шахтаға иелік ететін Torex Gold Resources компаниясы жоққа шығарып отыр. El Universal-ге берген сұхбатында канадалық фирманың вице-президенті Габриэла Санчес ұрланған адамдардың біреуі ғана компанияның қызметкері болғананын хабарлады.

Герреро билігінің ресми өкілдері әзірше еш мәлімет бермей отыр.

Мексика елінің Бас прокуратурасының хабары бойынша, дәл Кокуланың жанында өткен жылдың қыркүйек айында ұрланған студенттердің мүрделері өртелген. Ведомство басшысы Хесус Мурильо Карамның айтуынша, студенттер өлтіріліп, мүрделері жағылған соң, олардың күлі және қалдықтары жақын жердегі Сан-Хуан өзеніне тасталған.

Соңғы жаңалықтар