Мексикалық Артуро Сепеда Салинас ат құлағында ойнаған қазақ жігіттерінің өнеріне тәнті болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда информатикадан халықаралық Олимпиада жалғасып жатыр. Қатысушылар қазақ өнері, ұлттық дәстүрімен жақынырақ танысуда. Әсіресе, бүгін олардың Алматы маңындағы «Ғұн» этноауылына сапары есте қаларлық болды. Сондай-ақ олар Алматы циркі өнерпаздарының өнерін тамашалап үлгерді.

«Қазақстанда тек білім сынамай, жергілікті ұлттың өнерімен, дәстүрімен танысып жатқанымыз өте керемет. Ұйымдастырушылар жұмысты өте жақсы үйлестірген. Қайда барсақ та бізді дәмді дастархан, қызықты бағдарламамен қарсы алып жатыр»,- деді мексикалық Артуро Сепеда Салинас. «Мен қазақтардың көшпелі ғұмырын көргім келді. Мына киіз үйлердің ішкі тазалығы, жинақылығы таң қалдырды. Ер бала 5-ке толғанда оған тұлпар сыйлау дәстүрі ұнады. Бұрынғылар қалай киізді өңдеп, қалай өнім жасаған?! Соның бәрі қызық. Біз бүгінгі экскурсия барысында қазақтардың көнеден бүгінге дейінгі өміріне куә болдық», - деді ол. Мұхиттың арғы жағынан келген қатысушы ат құлағында ойнаған қазақ жігіттерінің өнеріне тәнті болды. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда информатика пəнінен халықаралық олимпиада өтіп жатыр. Оған əлемнің 83 елінен 630 делегат келді. 2 тамызға дейін жалғасатын білім додасында 324 оқушы бақ сынап жатыр.

Соңғы жаңалықтар