Мексикадағы жарылыс: 20 адам қаза тауып, 54-і жараланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада жұмада құбыр желісінде болған жарылыс кем дегенде 20 адамның өмірін қиып кетті, тағы 54-і жараланған, деп мәлім етті Идальго штатының губернаторы Омар Файяд.

Financiero басылымының жазуынша, оқиға орнына 350-ден астам жергілікті тұрғын жиналған. Олар тесілген құбырдан аққан жанармайды бидондары мен канистрлеріне құйып жатқан кезде жарылыс болған.

Жергілікті билік Pemex компаниясының өкілдері мен әскерилердің қайғылы жағдай орын алған жерге шұғыл аттанғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар