Мексикадағы ең биік шыңға шықпақ болған елшілік қызметкері қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың ең биік шыңы Орисаба жанартауына шықпақ болған Америка елшілігінің қызметкері ажал құшты. 

Бұл жайлы Reuters агенттігі хабарлады.

Оның мәліметтеріне қарағанда, Мексиканың шұғыл қызметтері елшіліктің екі қызметкерін іздеген. Демалу мақсатында жанартауға шыққандардың бірі қаза тапқан. Жазатайым оқиғаның қашан болғаны әзірше белгісіз.

Орисаба - ұйқыдағы жанартаулардың бірі. Оның орналасқан жері Мексиканың Пуэбла және Веракрус штаттарының шекарасы маңында. Биіктігі 5 600 метрден асады.

Соңғы жаңалықтар