Мексикадағы бокс кешінде Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – 6 мамыр күні Мексиканың Гвадалахара қаласында өтетін бокс кешінде қазақстандық Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Гвадалахарадағы бокс кешінде екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен британдық Джон Райдер жұдырықтасатынын, андеркардта екі қазақстандық өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Алғашында Әбілхан Аманқұлдың (3-0, 3 КО) қарсыласы ретінде жергілікті боксшы Хесус Паломарес (7-2-1, 4 КО) аталған болатын. Енді BoxRec.com сайтында Аманқұлдың оппоненті ретінде өзге мексикалық Фабиан Риоса Фраусто (7-6-3, 4 КО) көрсетілген.

Аталған кеште сондай-ақ рингке тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағамбет (9-0, 7 КО) шығады. Оның қарсыласы – венесуэлалық Аргенис Эспаньей (15-1, 14 КО).


Соңғы жаңалықтар