Мексикадағы атыс: сегіз адам қаза тапты

Фото: None
МЕХИКО. ҚазАқпарат — Мексиканың солтүстік-шығысындағы Тамаулипас штатының Камарго ауданында жеке тұлғалар арасында болған қарулы қақтығыс салдарынан кем дегенде сегіз адам мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат El Universal газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнынан жеті өртенген автомобиль табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, келеңсіз жағдайға «Солтүстік-шығыс картелі» қылмыстық ұйымының қатысы бар. Федералдық немесе аймақтық билік әзірге бұл ақпаратқа қатысты еш түсініктеме берген жоқ.

Елдің Қоғамдық қауіпсіздік және азаматтарды қорғау министрлігінің есептеуінше, адам өлтіру оқиғалары ең көп тіркелген штаттар - Гуанахуато, Мехико, Мичоакан, Халиско және Чиуауа.


Соңғы жаңалықтар