Мексикадағы атыс: 8 адам мерт болды

None
None
МЕКСИКА. ҚазАқпарат – Белгісіз адамдар дүйсенбі күні Мексиканың батысындағы Мичоакан штаты Уруапан қаласындағы ойын салонына келушілерге оқ жаудырды. Бұл туралы аймақтың қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шабуыл салдарынан 8 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапты.

«Ла-Магдалена ауданындағы шабуылдан кейін Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия және аймақ прокуратурасымен бірігіп жұмыс режімін күшейттік», - дейді қуіпсізідік басқармасындағылар. Мұндай әрекетке не түрткі болғаны жарияланбады.

Шабуыл жасаған адамдар оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Билік өкілдері оларды іздестіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар