Мексикадағы аптап ыстық 70 адамның өмірін қиып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Төменгі Калифорния Солтүстік штатындағы Мехикали қаласы аумағында 70-тен астам адам аптап ыстық салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.

Milenio газетінің жазуынша, 1-31 шілдеде ауа температурасының жоғары болуы салдарынан 25-60 жас аралығындағы 73 адам ажа құшқан, олардың алтауына күн өткен. Өңірлік сот-медициналық сараптама қызметінің үйлестірушісі Сесар Рауль Гонсалес Ваканың сөзіне қарағанда, қайтыс болғандардың көбісі жүрек-қан тамырлары жүйесіне, бүйрек немесе өкпе ауруларына шалдыққан.

Өткен аптаның соңында Мексиканың көптеген өңірлерінде аптап ыстық салдарынан төтенше жағдай режімі енгізілді. Бұл шешім штат билігіне азаматтарға көмек көрсету үшін арнайы қор ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар