+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Мексикада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

2018 жылғы 1 тамыз 07:36
Бөлісіңіз:
Мексикада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Aeromexico әуе компаниясының ұшағы Мексиканың Виктория-де-Дуранго қаласы әуежайынан көтерілген сәтте апатқа ұшырады, деп хабарлайды bbc.com.

Штат губертаторы Дуранго Хосе Росас Аиспуроның айтуынша, жолаушылардың бәрі аман қалған.

Жергілікті БАҚ журналистерінің хабарлауынша, жолаушылардың басым бөлігі ұшақ салонынан өздігінен шыққан.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, 85 адам жарақат алған, олар жақын жердегі ауруханаларға жатқызылды.

Бортында 94 жолаушы және 4 экипаж бар Embraer E90 ұшағы "Хенераль Гвадалупе Виктория" әуежайынан ел астанасы Мехико қаласына ұшып шыққан.

Құтқарушылар жаралыларға көмек көрсетуде.

Ұшақ ұшу-қону жолағынан көтеріле берген сәтте құлаған.

OMA Aeropuertos әуежайы операторы компаниясының мәлімдеуінше, апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT