Мексикада жоғалған студенттердің ісі бойынша тағы 10 офицер қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы Герреро штатында 43 студенттің жоғалуы туралы ісі бойынша муниципалдық полицияның тағы 10 офицері қамауға алынды.

2014 жылдың 26 қыркүйегінде ел астанасы Мехико қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан Игуала қаласында 43 студент жоғалды. Кейінірек билік көздерінің мәлімдеуінше, 40-тан астам жас адамды өлтіруде кінәларын мойындаған күдіктілер ұсталды.

Тергеу студенттерді әуелі өлтіріп, содан кейін денелерін өртеп жібергенін хабарлаған күдіктілердің қылмыстық топтардың бірінің мүшесі болып табылады деп есептейді.

Студенттер соңы полициялардың қақтығысымен аяқталған шеруге қатысқан болатын. Куәгерлер жас азаматтарды полиция көліктеріне салып әкеткенін хабарлады.

Игуала қаласының мэрі студенттерді ұрлауға қатысы бар деген күдікпен федералдық полициямен қамауға алынды, деп жазады шетелік БАҚ.

Соңғы жаңалықтар