Мексикада жанкүйерлер қуанып секіргенде жер сілкінді

None
None
МЕХИКО. ҚазАқпарат - Мексикалық жанкүйерлер Әлем чемпионатында Германияға тойтарыс берген ұлттық команданың жеңісіне қатты қуанғандары соншалық, аяқ асты жер сілкінісін жасаған, деп хабарлайды The Guаrdian.

Мексика 35-минутта қазіргі әлем чемпиондарына гол салған кезде арнайы құрылғылар жер сілкінісін тіркепті.

Мексиканың геологиялық және атмосфералық зерттеулер институтының сезімталдығы жоғары датчиктері гол салынғаннан кейін 7 секунд өткен соң Мехико қаласының екі ауданында жер дүмпуі тіркелгенін растады.

Жанкүйерлер елдің туын желбіретіп, дәстүрлі сомбреро бас киімдерін киіп шыққан. Матчты үлкен экраннан көру үшін мыңдаған адам қала орталығындағы ескерткіштің маңына жиналған.

Мексика Германияны Мәскеуде 1:0 есебімен жеңген кезде жанкүйерлер елдегі футболдың бейресми әнұраны, халық әні «Cielito Lindo»-ны шырқай бастаған.

Әлеуметтік желілерде де жанкүйерлер голкипер Гильермо Очаоның ойынын ескеріп, оның Мексиканың Президенті ретінде бейнеленген мемдерін таратқан.

Айта кетейік, кеше маусымның 17-сінде Әлем чемпионаты аясындағы кездесуде Мексика құрамасы Германияны тізе бүктірген еді. Ал алдағы сенбідегі Ростов-на-Дону қаласындағы матчта Мексика Оңтүстік Кореямен кездесетін болады.

Соңғы жаңалықтар