Мексикада ұрлап әкеткен футболшы Алан Пулидо босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Мексиканың солтүстік-шығысында ұрланған Грекияның «Олимпиакос» клубы мен Мексика құрамасының шабуылшысы, мексикалық футболшы Алан Пулидо босатылды, деп хабарлайды Мексика елінің билігі. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Еске сала кетейік, 25 жастағы спортшы Тамаулипас штатынындағы туған қаласы Сьюдад-Викторияның маңында ұрланған. Ол сол кезде бойжеткенімен бірге той-томалақтан шыққан еді.

Жергілікті БАҚ жексенбі күні беттерін бүркеген бірнеше ер адам Пулидоны көлігінен шығарып алып кеткенін, қасындағы бойжеткенге тиіспегенін жазған.

Полиция футболшының зардап шекпегенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар