Мексикада мұнай өңдеу зауыты өртеніп, адамдар зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың оңтүстігіндегі Оахака штатында орналасқан Salina Cruz мұнай өңдеу зауытында болған өрттен 9 адам зардап шекті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Зауыттың иесі - Pemex компаниясының өкілдері өрт сөндірушілердің түннің бір уағына дейін жалынмен арпалысқандығын айтады. Өрттің салдарынан аспанды қою қара түтін басқан. Ал зардеп шеккендерге көмек көрсетілді, 8 адам үйлеріне жіберілді.

Компания өкілдері өрттің шығуына осы аптада Мексиканың оңтүстігі арқылы өткен Кэлвин тропикалық дауылы себепші болғандығын айтады. Су тасқынының салдарынан мұнай өңдеу зауытының арналары толып кетіп, жеңіл тұтанатын мұнай қалдықтары айналаға аға бастаған, делінген хабарламада.

Бұл зауыт Мексикадағы ірі өнеркәсіп ошақтарының бірі саналады және онда тәулігіне 330 мың баррель шикі мұнай өндіріледі.

Соңғы жаңалықтар