Мексикада адамдар жаппай жерленген 60 қорым табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Герреро штатындағы Игуала қаласында адамдар жаппай жерленген 60 қорым табылды.

Олар өткен жылдың қыркүйек айында жоғалып кеткен 46 студентті іздеу кезінде анықталды. Жалпы алғанда, бұл қорымдардан 129 адамның мүрдесі табылған.

Бұл ақпаратты Ассошиэйтед пресс агенттігінің ресми сұрауынан кейін Мексиканың бас прокуратурасы жариялады.

Наразылық шараларына белсенді қатысқан студенттер өткен жылы 26 қыркүйек күні Игуала қаласында полициямен болған қақтығыстардан кейін жоғалған.

Шеруге қатысқандардың көбін полиция алып кеткен, тергеу мәліметтерінше, ол кейбір студенттерді есірткі картелінің содырларына тапсырған.

Мексиканың билік көздерінің ақпаратынша, студенттер өлтіріліп, олардың мүрделері жойылуы мүмкін. Осы уақытқа дейін тек бір адамның мүрдесі танылды.

Қақтығыс салдарынан барлығы алты адам өлтіріліп, 17 адам жарақаттанды, 57 адам із-түзсіз жоғалған, соның ішінде 14-і кейін үйлеріне оралды.

Түсініктеме берген тәртіп сақшылары студенттерге шабуылды олардың наразылық ұйымдастыруда белсенділігін ұнатпаған қала мэрі тапсырғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар