Мексикада 3,5 мыңнан астам үй тасқын су астында қалды

None
None
МЕХИКО. ҚазАқпарат – Мексиканың орталық бөлігінің Керетаро штатындағы 3,5 мыңнан астам тұрғын үй қатты жаңбырдың салдарынан өзендердің тасуынан су астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Milenio газетіне сілтеме жасап.

Басылымға аймақ губернаторы Маурисио Кури мәлімдегендей, сейсенбі күні өңірде келтірілген залал шығынын бағалау басталады.

«Ертең 120 адам тізім құрастыруға кіріседі, олар онда қанша адам тұрақты түрде тұрып жатқан, қаншасы үй жалдап тұрып жатқанын көреді. Біз әрқайсысы үшін шешім қабылдауға қандай мүмкіндігіміз болатынын саралаймыз», - деді саясаткер.

Бұған дейін әскери қызметшілер мен құтқарушылар су басқан аудандардан 3 мыңнан астам адамды эвакуациялаған.

Қыркүйек айының басында нөсер салдарынан болған су тасқыны Керетаромен шекаралас Идальго штатындағы ондаған мың үйге зиян келтірді. Айтарлықтай үлкен залал Тула-де-Альенде қаласына келді, онда су басқан ауруханада науқастар қайтыс болды. Табиғат апаты жалпы алғанда 70 мыңнан астам адамға әсер етті. Залалды жоюға жүздеген құтқарушы, әскери қызметшілер мен Ұлттық ұлан жауынгерлері жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар