Мексикада 11әйелді өлтірген бес қанішерге 700 жылға түрмеге қамау үкімі шығарылды
2015 жылғы 29 шілде 22:17

Мексикада 11әйелді өлтірген бес қанішерге 700 жылға түрмеге қамау үкімі шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Чиуауа штатының соты 11 әйелді өлтірген бес ер адамға 697 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шығарды.

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Түрме мерзімінен басқа, сотталғандар мүрделері 2012 жылы табылған құрбан болғандардың туған-туысқандарына 9 миллион песо (752 мыңнан астам доллар) ақша төлеуге міндетті.

Al Jazeera America-ның ақпаратынша, әйелдер 2009 және 2010 жылдары із-түссіз жоғалып кеткен. Прокурорлардың айтуынша, олардың барлығы дүкенге жұмыс істеуге жалданған. Алайда кейіннен Сьюдад-Хуарес қаласындағы қонақүйге жеткізіліп, онда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. 2012 жылы қаланың шығыс бөлігінен олардың мәйіттері табылды.

Jańalyqtar

MURAǴAT