Мексика шығанағында американдық жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Мексика шығанағында американдық F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС.

Американдық БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ әуеге АҚШ-тың Флорида штатындағы Тиндэлл базасынан жаттығулық ұшуын орындау үшін көтерілген. База өкілдері оның ұшқышымен байланыстан қол үзген соң бірден іздеу-құтқару іс-қимылдарына кірісті.

Ұшақтың құлау себептері әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар