Мексика марихуананы заңдастыруда

Фото: None
МЕХИКО. ҚазАқпарат – Мексика конгресінің депутаттары кәмелетке толған азаматтардың марихуананы пайдалануға рұқсат беретін заңнамалық өзгертуі мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Өзгерісті 316 депутат қолдаса, 129-ы қарсы болды, тағы 23-і қалыс қалды. Қабылданған түзетулер 18 жастан асқан тұрғынға жеке пайдалануға арналған 28 граммға дейін каннабис алып жүруге, сондай-ақ тұрғылықты жерінде алты-сегіз түп қарасора өсіруге рұқсат береді. Заң ережесін бұзғандарға айыппұл салынып, түрмеге қамалуы мүмкін. Алайда кейбір ұйымдар марихуананы сақтау толығымен заңдастырылмағанын сынға алды.

Каннабис туралы түпкілікті шешімді Сенат қабылдайды. Дауыс беру 30 сәуірге дейін өтуі керек. Канада мен Уругвайдан кейін Америка құрлығындағы марихуананы заңдастырған үшінші ел – Мексика болады. Мексика билігі каннабистің айналымын заңмен реттеу арқылы қуатты есірткі картельдерін әлсіретуді көздейді.


Соңғы жаңалықтар