Мексика Қазақстанда өз Елшілігін ашады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Астана қаласында Мексиканың Елшілігі ашылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның брифингісінде мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2023 жылғы 12-13 қаңтарда Мехика қаласында Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсел Еврардтың сол елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен 34-ші жыл сайынғы кездесуі өтті. Министр өз сөзінде биылғы мақсаттар туралы айта отырып, 2023 жылы Мексика 5 жаңа елшілікті, оның ішінде Қазақстанда да елшілік ашатынын ресми түрде жариялады.

Қазақстан Мексика үкіметінің шешімін құптайды және Мексиканың Астанада елшілік ашуына көмек көрсетуге дайын», - деді Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар