Мексика билігі мыңдаған мұғалімдерді жұмыстан шығаруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Мексикада міндетті кәсіби аттестаттауға қатыспаған 3,4 мыңға жуық мұғалім жұмыстан шығарылады, деп хабарлады латынамерикалық елдің білім министрі Аурелио Нуньо.

Оның айтуынша, Мексикадағы 134 мың білім қызметкерінің ішінен тағы 15,3 пайызы аттестаттауда қанағаттанарлықсыз нәтижелер көрсетіп, сынақтан өте алмады. Жұмыстан шығарылғандарға қарағанда, бұл мұғалімдерге сынақтан бір жыл ішінде өтуге тағы бір мүмкіндік беріледі.

Жалпы алғанда, аттестаттау тестілерін мұғалімдердің 36,2 пайызы «қанағаттанарлық», 40,5 пайызы - «жақсыға» тапсырса, «өте жақсы» бағасын небәрі 8 пайызы алған.

Мексикалық мұғалімдер мен олардың кәсіподақтары соңғы жылдары үкіметке қарсы түрлі акцияларға қатысатын қуатты күшке айналды. Мұғалімдер (Мексикада мұғалімдерінің жартысына жуығы - ер адамдар) аймақтарда билік органдарының ғимараттарын талай рет басып алып, Мехикода көп мың адам қатысқан шерулерге шықты және ел астанасының әуежайының жұмысын тоқтатып қойған.

Олардың наразылығының басты мақсаты президент Энрике Пенья Ньетоның білім беру саласында жұмыс істеу құқық нормаларын қатаңдатуды көздеп отырған реформасы болды.

Соңғы жаңалықтар