Меккедегі қажылық кезінде лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 54 адам ұсталды

None
None
ӘБУ-ДАБИ-МЕККЕ. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Қауіпсіздік органдары ағымдағы жылдың 3-11 қыркүйегі аралығында жыл сайынғы қажылықты ұйымдастыру кезінде терроризмге қатысы бар деген күдікпен 54 адамды ұстады.

Күдіктілердің қатарына 30 саударабиялық, Бахрейннің 13 азаматы, Брунейдің 1 азаматы мен тағы алты елдің өкілдері ілікті.

3 қыркүйекте 13 күдікті, соның ішінде Бахрейннің 9 азаматы, 3 пәкістандық, екі саударабиялық, бір йемендік және бір судандық қолға түсті.  5 қыркүйекте  тағы бес күдікті ұсталды.

Осы маусымда қажылықты ұйымдастыру үздік қауіпсіздік шараларымен ерекшеленді.  Меккенің барлық секторына орнатылған 5000 камера қолданылған «Көз» бейнебақылау жүйесі Үлкен мешіт жанындағы радиусы шамамен 10 шақырымды құрайтын аумақты қамтыды.  

Сауд қауіпсіздік офицерлері қажылыққа барғандардың әр бағыты мен жиналған орындарын бақылағанын айтты.  Сауд Арабия Корольдігі ӘҚ капитаны Тарек Аль-Азам 1,8 миллионнан астам қажылыққа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ондаған үздік офицер тәулік бойы кезекшілікте болғанын айтты. 

Соңғы жаңалықтар