Меккеде қажылық басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 миллионға жуық мұсылман Сауд Арабиясының Мекке қаласында өздерінің қажылық міндетін атқаруға кірісті, деп хабарлай ды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, биыл бес парыздың бірін орындау үшін елге әлемнің түкпір-түкпірінен 1 миллион 700 мыңға жуық шетелдік келген. Қалғаны - осы елдің азаматтары. Олар үш күн ішінде Мұхаммед пайғамбардың өмірімен байланысты орындарға барып, қажылық салттарын жасайды. Оның ішінде Кағбаны жетi рет айналып, тәу ету, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату, құрбандық шалу сияқты амалдар бар.

Құрбандық шалудан кейін Құрбан айт басталады. Қажылыққа байланысты Сауд Арабиясында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Сондай-ақ әдеттегідей жедел дәрігерлік қызмет көрсету топтары көбейтіліп, адамдарға әртүрлі жағдайда көмек көрсететін топтар құрылған.

Соңғы жаңалықтар