Меккеде 6 қабатты 50 мың адам сыятын мешіт ашылды

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қасиетті Мекке қаласында 48 мың адам сыйдыратын ар-Раджихи мешіті ашылды. Жаңа мешітті ан-Насим ауданында Меккенің аудандық әмірі Халид аль-Фейсал салтанатты түрде ашты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жазылғанындай, 6 қабаттан тұратын жаңа мешіт осман стилінде жасалған. Мешітте жер асты автотұрағы, лифт, эскалатор мен асхана бар. Мешіттің бірінші қабаты намаз оқуға және дәрет алып, қайтыс болған адамдарды арулап, жуындыруға арналған бөлме, тахаратханалар бар. Сонымен қатар, бірінші қабатта әйелдердің намаз оқу залы, кітапхана, дәріс залы, уакф министрі, имамдардың бөлмелері орналасқан.

«Ар-Раджихи» мешітінде 5 күмбез бар. Орталық және ең үлкен күмбездің ішкі диаметрі 19 метр және 48 метр биіктікте орналасқан. Қалған 4 күмбездің әрқайсысының ішкі диаметрі 7 метр және 37 метр биіктігінде орналасқан. Мешіттің жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, «ар-Раджихи» мешіті жаңа техникалық құралдармен жабдықталған. Мешіттің сырты мен ішінде тікелей эфирде көрсетуге арналған спутниктік арналар мен бейнекамералар орнатылған.

Соңғы жаңалықтар