Мехикодағы Қазақстан павильонын Димаштың фанаттары «жаулап алды»

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық дипломаттар Мехико қаласында өткен 2019 жылғы «Достық мәдениеттері фестиваліне» қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға жергілікті диаспоралардың және 93 елдің дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. Қазақстанның павильонын фестивальдің алғашқы күні Мексика астанасының мэрі Мехико Клаудия Шеинбаум келіп көрді.

«Павильонға келушілердің назарына ұлттық қолөнер туындылары, кәдесыйлар, еліміз туралы испан және ағылшын тіліндегі кітаптар ұсынылды. Телеэкранда қазіргі Қазақстан туралы видеороликтер, қазақ халқының мәдениеті мен болмысын паш еткен деректі фильмдер мен тарихи туындылар көрсетілді. Бір айта кетерлігі, фестивальде Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы фан-клубы ерекше белсенділік танытып, отандасымыздың өмірімен тереңірек танысқанын атап өту керек», - делінген министрліктің хабарламасында.

Павильонда түсірілген шағын видеодан Димаш Құдайбергеннің мексикалық фан-клубының сәлем жолдап жатқанын байқауға болады.



Елшіліктің жыл сайын өтетін бұл фестивальге қатысуы Қазақстанның танымалдығын арттыра түседі. Әсіресе, бұл жолғы шара мексикалық жастар үшін Қазақстанды кеңірек таныта түскені анық.

Соңғы жаңалықтар