Мегаполистер мен облыс басшылары тиісті әкім тағайындалғанға дейін өз қызметінде қалады
2022 жылғы 26 қараша, 14:08

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Жарлықта.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP