+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Медсақтандыру қорына ең көп жарна мемлекет есебінен түсті - Айбатыр Жұмағұлов

2020 жылғы 20 ақпан 12:48
Бөлісіңіз:
Медсақтандыру қорына ең көп жарна мемлекет есебінен түсті - Айбатыр Жұмағұлов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90%-нан астамы - МӘМС қатысушылары. Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмысының бірінші айының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты шығарылатын болды Министрлік Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін тексереді Қызылордада қызметтік көліктер жедел жәрдем қызметін атқарады

«2019 жылдың қыркүйегінен бастап 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда байланыс орталығына азаматтардан 37 мыңнан астам жолданымдар келіп түсті, олардың 97%-ы кеңес алу, 3%-ы - шағымдар сипатында болды», - дейді Айбатыр Жұмағұлов.

Ол қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90%-нан астамы, яғни 17 млн адам МӘМС қатысушылары екенін айтты.

«Оның ішінде 11 млн-ға жуық азамат жеңілдік берілген 15 санатқа кіреді. Олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады. 2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды. Ең көп жарна - 24 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет есебінен түсті»,- дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT