Медсақтандыру бойынша 18 жасқа дейін балалар тісін тегін емдете алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне енген қатысушылар қандай медициналық көмекке тегін қол жеткізе алатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінен (ТМККК) тыс жаңа қызметттер де қосылады. МӘМС жүйесі аясында консультативтік-диагностикалық көмекке ересектер мен балаларды мамандандырылған түрде алдын ала тексеру, 18 жасқа дейінгі балаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көпбалалы аналардың тісін тегін емдеу мен жұлу қызметтері қарастырылған», - деді Ләззат Ақтаева.

МӘМС жүйесі аясында өткір және созылмалы аурулар кезіндегі және күндізгі стационарда басымдыққа ие аурулар кезіндегі, жоспарлы амбулаториялық операция кезіндегі көмек қаржыландырылатын болады. Стационарға жоспарлы түрде жатқызу МӘМС жүйесі аясында жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ләззат Ақтаева қазақстандықтар сақтандырылмаған жағдайда қандай медициналық көмекті тегін ала алатынын айтып берген болатын.

Соңғы жаңалықтар