Медқызметкерлерге санат бойынша ақы төлеу тарифін жыл басында бекіту ұсынылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тариф қайшылығы Президенттің медицина қызметкерлеріне жалақыны 30% арттыру тапсырмасын кешіктіріп жатыр. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған сауалында осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денсаулық сақтау министрілігі қоғаммен бірлесіп медицина қызметкерлеріне санаттары үшін ақы төлеу жөнінде келісім жасады. Дұрыс тенденция. Дегенмен, келісім жасалғанымен санаттарға төлеу мәселесі шешілген жоқ. Өз кезінде, Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Қоры мен медициналық мекемелер арасында жыл басында келісімшарт жасалады. Бірақ, жаңа тарифтер тек сәуірде жетеді. Осының нәтижесінде кейбір медицина ұжымдары артық қызмет жасаса, ол өтелмейді. Бұл медицина мекемеге басым көпшілігіне үлкен зиян әкеледі», - деді депутат.

Айтуынша, толық пысықталмаған келісімнің кесірінен Президент тапсырмасының орындалу барысына зиян тиіп жатыр.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина саласының қызметкерлеріне жалақыны 30% арттыру жөнінде тапсырма берді. Бірақ тариф қайшылығына байланысты бұл тапсырма толық орындалмай отыр. Өйткені, барлық ауыртпалық медицина мекемесіне жүктелген. Мекеменің өзін дамытуға аз қаражат қалады», - деді Гүлдара Нұрымова.

Мәжіліс депутаты бұл проблеманы шешу үшін «AMANAT» фракциясының бірнеше нақты ұсыныс тастады. Олар:

- тарифтерді жылдың басында бекіту;

- медицина мекемесіне жалпы жасалған қызметіне қарай төлеу;

- медицина қызметкерлеріне санаттары үшін ақы төлеу мәселелерін жедел шешу.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысынан кейін спикер Ерлан Қошанов Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жоятынын айтты.


Соңғы жаңалықтар