Медколледж студенттерінің білімі төмен - Гүлмира Жангереева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі медициналық колледждер студенттерінің білімі төмен. Бұл туралы бүгін «Ұлттық тәуелсіз емтихан алу орталығы» РҚБ басқармасының төрайымы Гүлмира Жангереева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Қазақстан аумағында 85 медициналық колледж бар. Оның 26-сы мемлекеттік, ал қалғандары жергілікті әкімдіктерге бағынатын жекеменшік колледждер. Біз Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен тек 27 медициналық колледжге бағалау жүргіздік. Себебі қалған колледждер Денсаулық сақтау министрлігіне бағынбайды. Айта кетерлігі, зерттеуге үш жекеменшік колледж қатысты», - деді ол бүгін Сенаттағы "Өңір" депутаттық тобының отырысында.

Оның дерегінше, зерттеуге қатысқан Маңғыстау медициналық колледжі студенттерінің тек 2,2 пайызы, Оңтүстік Қазақстан медицина колледжі студенттерінің 7,5 пайызы ғана алған білімдерін дәлелдей алған.

«Ең жоғары нәтижені Қостанай медициналық колледжі көрсетті. Оның студенттерінің 98,8 пайызы өз білімдерін дәлелдей алды. Сонымен қатар Түркістан колледжінің 96 пайыз, Шымкент жоғары медицина колледжінің 94,8 пайыз студенті білімді екендігін көрсетті. Мамандықтарға келер болсақ, генетикалық эпимедиология, мейірбике ісі мамандықтары бойынша оқушылардың дайындығы жоғары. Ал стамотология, ортопед сынды мамандықтарда білім деңгейі өте төмен», - деді Гүлмира Жангереева.

Соңғы жаңалықтар