Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Медициналық сақтандыру қорына 122,47 млрд теңге түсті

2018 жылғы 7 желтоқсан 16:30 76
Бөлісіңіз:
Медициналық сақтандыру қорына 122,47 млрд теңге түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметінен хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында тұңғыш рет «Денсаулық елшісі» атағы берілді СҚО-да жүрек-қан тамырларынан болатын өлім-жітім он жылдың ішінде 2,5 есе азайды

Ақпаратқа қарағанда, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 122,47 млрд теңгеге жеткен.

Бұның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,64 млрд теңге (7%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Қаржы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT