Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Медициналық көмектің қай түрін тегін әрі сақтандырусыз алуға болады

2019 жылғы 18 қаңтар 17:30 1114
Бөлісіңіз:
Медициналық көмектің қай түрін тегін әрі сақтандырусыз алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қазақстандықтар сақтандырылмаған жағдайда қандай медициналық көмекті тегін ала алатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда дәрі-дәрмек тарататын робот-фармацевт іске қосылды Дәріханалар дәріні 3 жыл сақтауға міндеттелді

«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) бөлінетін бюджет қаражатының жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан, зерттеу жұмыстары соңғы 5 жылда халықтың денсаулыққа жұмсайтын шығыны артып келе жатқанын көрсетіп отыр. 2017 жылы ТМККК бағытында 626 млрд теңге бөлінген болатын. Халықтың денсаулығына өз қалтасынан жұмсаған шығыны денсаулық сақтау саласының жалпы шығынының 41 пайызын құрап отыр. Бұған ең алдымен ТМККК-ның жеткілікті дәрежеде қаржыландырылмауы себеп болды», - дейді вице-министр Денсаулық сақтау министрлігінде өткен жиында.

Оның айтуынша, алғашқы медико-санитарлық көмек ТМККК аясында көрсетіледі. Оған барлық азаматтар үшін негізгі медициналық қызметтер, мақсатты скрининг, жүкті әйелдерді бақылау, балаларға қамқорлық жасау, созылмалы және әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдарды жіті бақылау жұмыстары енеді.

«Бұл өзгеріс - бұрынғы заңнамадағы негізгі айырмашылықтардың бірі. Бұрынғы заңнамада ТМККК сақтандыру пакетінде қарастырылып келген болатын. Осылайша, ТМККК сақтандырылғаны немесе сақтандырылмағанына қарамастан барлық адамға тегін беріледі», - деді Ләззат Ақтаева.

Вице-министрдің айтуына қарағанда, ТМККК шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмек бірқатар қызметтерді қамтиды. Атап айтқанда, оған динамикалық бақылауға немесе әлеуметтік маңызы қатаң бақыланатын ауруларға ұшыраған аурудың диагнозын қою, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуде созылмалы аурулары бар науқастарға кеңес беру, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қымбат тұратын қызметтері (жүкті әйелдерді молекулярлық-генетикалық зерттеу, тұқым қуалаушылық және жетім балалар ауруларының диагностикасы) енеді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT