Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 32 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Медицина қызметкерлері күні: Исекешев астаналық дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады

2018 жылғы 14 маусым 15:58 436
Бөлісіңіз:
Медицина қызметкерлері күні: Исекешев астаналық дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Астана қаласы Онкологиялық орталығының онколог-хирургы Әнуар Әбдікәрімов, №1 қалалық ауруханадағы тамырлық хирургия бөлімінің дәрігер-ангиохирургы Азамат Абдуллинов, №1 қалалық аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Аян Сүлейменовтерге жаңа пәтер кілті салтанатты түрде табыс етілді.


Медицина қызметкерлері күні: Исекешев астаналық дәрігерлерге пәтер кілтін табыстадыСондай-ақ, №2 Балалар ауруханасы хирургиялық инфекциялар бөлімінің меңгерушісі Жұматай Мәкенов, №2 балалар Жедел хирургия қабылдау бөлімінің травматолог-ортопеді Олжас Байназаров және қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Жанна Есқалиева баспаналы болды.


Медицина қызметкерлері күні: Исекешев астаналық дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады«Қаламызда дәрігерлер мен медицина қызметкерлері асқан жанкештілікпен еңбек етіп келеді. Жыл сайын Астанаға 50-100 мың адам келеді және қалалық емханаларға ауыр жүктеме түседі. Күнделікті елорда емханаларына 8,5 мың тұрғын келеді, 400-ге жуық науқас ауруханаға жатқызылады, 120-ға жуық ауыр орта жасалады, жедел жәрдем қызметі 1 500 шақыртуға қызмет көрсетеді. Бұл цифрлардың артында сіздердің баға жетпес еңбектеріңіз тұр», - деді Әсет Исекешев марапаттау рәсімінде.


Медицина қызметкерлері күні: Исекешев астаналық дәрігерлерге пәтер кілтін табыстадыАйта кетейік, жыл сайын Қазақстанда маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні аталып өтеді.

Медицина қызметкерлері күні: Исекешев астаналық дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады
Медицина қызметкерлері күні: Исекешев астаналық дәрігерлерге пәтер кілтін табыстады


Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат