Медициналық ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуын қадағалауды күшейту керек - Г. Әбдіқалықова

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР вице-премьері Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Алматы қаласы медициналық қоғамымен кездесу өткізді. Делегация таңертең №3 қалалық емхананың ұжымымен жүздесті. Енді Қалқаман шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық ауруханада дөңгелек үстел өтеді деп жоспарлануда.

Шара барысында құзырлы орган өкілдері қаладағы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асу барысын талқылап, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында Алматы стационарларының дамуы, Алматыдағы жедел медициналық қызмет көрсету жүйесінің дамуы, ана мен бала, туберкулезге қарсы күрес қызметінің өзекті мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, Премьер-министрдің орынбасары қалалық денсаулық сақтау жүйесіндегі басты проблемаларды атап өтті.

«Қазіргі таңда Алматыда ана мен бала өлімі, туберулезге шалдығу көрсеткішінің оң динамикасы қалыптасқанын атап өу қажет. Бұл тек Алматыға ғана қатысты емес, барлық республикаға ортақ проблема. Денсаулық сақтау жүйесінің алдында негізгі үш міндет шешімін күтіп тұр: халық санын арттыру, жұқпалы ауруларға қарсы күресті жандандыру, медициналық жаңа технологияларды дамыту», - деді Г.Әбдіхалықова.

Оның ойынша, мамандар тапшылығы да дер кезінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасына ықпал етеді.

«Қазір бұл мәселе де өзектілігін жоймай отыр. Медициналық жоғарғы оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасуын қадағалауды күшейту керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар