Медициналық ұйымдар қосымша шығындарға ақы сұрамауы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пациенттер Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) немесе Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) бойынша ұсынылатын медициналық көмек үшін қосымша ақы төлемеуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, пленка мен оптикалық жеткізгіш үшін, яғни рентген, компьютерлік томография немесе магнитті-резонанстық томография нәтижелерін жазатын дискіге қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Бұл шығындар ТМККК немесе МӘМС есебінен көрсетілетін қызметтердің құнын жасақтау кезінде ескерілген.

«Сол сияқты, емханадан немесе пациенттің өзінен шығыс материалдарына қосымша шығындардың өтелуін талап етуге құқығы жоқ. Сондықтан мұндай кез-келген талап заңсыз. Стернальды пункцияға арналған инеге келетін болсақ, ол қызмет құнына кіреді және МӘМС есебінен толық ұсынылады. Сізден дәрі-дәрмектерді күндізгі стационарға әкелуді немесе сол жерде төлем жасауды сұрауы да мүмкін. Сіз оны төлеуге тиіс емессіз. Стационарды алмастырған жағдайда да, яғни күндізгі стационарда емдеуші дәрігердің жолдамасы болса, негізгі ауруды емдеу толықтай ТМККК немесе МӘМС қаражаты есебінен жүргізіледі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тегін ұсынылады», - деп түсіндірді мекемеден.

Егер медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда немесе шығын материалдары үшін қосымша ақы төлеу сұралатын болса, Пациенттерді қолдау қызметіне немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар