Медициналық сақтандырылған елордалықтар саны 24 мың адамға азайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 997 мың адамға жетті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қор тұрғын халықтың медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін оларды қамту жұмыстарын жалғастыруда. 9 айдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылар саны көбейіп, 973 316 адамға жетті. Бірақ, 2021 жылғы 1 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС жүйесіне қатысушылардың саны 997 927 адамды құрағанын атап өту қажет. Яғни 2021 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда қазір қала бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар саны 24 611 адамға аз»,- деді ол онлайн брифинг барысында.

Оның дерегінше, елордада 244 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қамтылмаған.

«Олардың 49,7 мыңы жарна тұрақты түрде аударылмауына байланысты жүйеден тыс қалған», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.


Соңғы жаңалықтар