Медициналық сақтандыру жүйесі кімдерді қамтыды – Басқарма төрағасының жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың 85% -ы, яғни 15,9 млн адам медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантиндік шараларға қарамастан, осы кезеңдегі бизнестің төлем қабілетсіздігі бірінші жыл ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар санын 1 миллион адамға көбейтті: 2020 жылғы қаңтарда 14,9 миллион адам болса, биыл қаңтарда 15,9 миллион адам болды», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, МӘМС жүйесінен 3 млн-нан астам қазақстандық тыс қалған.

«Олар кез келген уақытта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуға құқылы. Қор әкімдіктермен және бейінді министрліктермен бірлесіп, халықты МӘМС-ке тарту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыратын болады», - деп атап өтті Болат Төкежанов.


Соңғы жаңалықтар