Медициналық сақтандыру: Жарты жылда 630 мыңнан астам адам стационарларда емделді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жарты жылдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 156,7 млрд теңгеден астам қаржы жіберді, деп хабарлады ҚазАқпарат ӘМСҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, 6 ай ішінде МӘМС-ке 260 млрд теңгеден астам сомада жарналар мен аударымдар түсті. Сонымен қатар, олардың басым бөлігі - 146,6 млрд теңге - бұл халықтың 15 жеңілдікті санатына жататын 11 млн-ға жуық азаматтар үшін жарнаны мемлекет төледі.

«Қор 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін 156,7 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Төлем халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Клиникалық хаттамаларды және емдеуге қажетті талаптарды сақтай отырып, факті бойынша көрсетілген және құжатпен расталған қызметтер ғана төленеді» - делінген хабарламада.

Қордың баспасөз қызметінде түсіндіргендей, МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіне емес, Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі. Ол жерден қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуге медициналық ұйымдар – Қордың жеткізушілеріне жіберіледі.

Қорда нақтылағандай, жарты жылдықтағы шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі - 50 млрд теңгеден астам. 6 ай ішінде жоспарлы түрде еліміздің стационарларында 630 мыңнан астам адам емделді.

Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін шамамен 42 млрд теңге төленді. Атап айтқанда, диагностикалық қызметтер арасында КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін өзекті. Жарты жыл ішінде пациенттерге 1,1 млрд теңгеден астам сомаға 96 мыңнан астам КТ қызметі және 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 101 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді.

Сонымен қатар, қаңтар мен маусым аралығында 3 млн-нан астам стоматология, 2 млн-ға жуық рентген және 1,6 млн-нан астам УДЗ-диагностика қызметтері көрсетілді, олардың жалпы құны 15 млрд теңгеден асады. Олардың барлығы МӘМС пакетінде медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетілді, пациенттерге медициналық көмек үшін Қор ақы төледі.

Айта кетсек, бірінші жартыжылдықта барлық қазақстандықтар МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған және медициналық қызметтерді кепілді көмек аясында, сондай-ақ МӘМС аясында пайдалана алатын.


Соңғы жаңалықтар