Медициналық сақтандыру: Пациент құқығын қалай қорғайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көптеген қазақстандықтар медициналық сақтандыру саласындағы консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімсіздігіне (жабдықтың болмауы, күту ұзақтығы, жолдама бермеу, кадрлар тапшылығы), медициналық көмек көрсету сапасына, ұзақ күтуге көбірек шағымданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап.

Егер пациенттер көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбаса, медициналық қызметкер тарапынан дөрекілікке, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты талап ету фактілеріне немесе басқа да проблемалық мәселелерге тап болса, пациент өз құқығын қалай қорғайды?

Егер сіз:

-көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбасаңыз

- медициналық қызметкер тарапынан дөрекілікке

-тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты талап ету фактілеріне немесе басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз,

Пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит қызметіне көмек сұраңыз. мұндай қызмет әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейді. Кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсете отырып, жазбаша өтініш жазу жеткілікті. Толығырақ ақпаратты емхананың немесе аурухананың қабылдау бөлімінен білуге болады.

Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығына жүгінуге болады. Барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармаларына бағынатындықтан, олардың өкілдері Сіздің мәселеңізді шешуге әсер ете алады.

Qoldau 24/7 қосымшасында өтінім қалдыруға болады. Сіздің өтінішіңіз Qoldau 24/7 арнасына түскеннен кейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары медициналық ұйыммен хабарласады және қызмет көрсету сапасын тексереді. Егер сіз қандай да бір себеппен оны алмаған болсаңыз, онда олар бас тарту себебін анықтайды. Барлық өтініштерге тізілімде тіркеу нөмірі беріледі, енгізіледі, соның арқасында өтініштің мәртебесін қадағалауға болады.

@SaqtandyryBot Telegram-ботында өтінім қалдырыңыз. ол үшін негізгі мәзірде «1406-ға хабарлама жіберу» пәрменін таңдау керек. Өтінімде мәселенің мәні, сондай-ақ аймақтың және медициналық ұйымның атауы болуы керек.

Қордың тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Қазақстанның барлық аумағында ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.

«Сұрақ қою / шағымдану» бөлімінде өтініш қалдыруға болады.


Соңғы жаңалықтар