Медициналық сақтандыру қорының барлық бөлімшесіне кешенді аудит жүргізіледі

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының барлық бөлімшесіне кешенді аудит жүргізіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Конституциялық реформаны іске асыру аясында бүгін қаралып отырған Жоғары аудиторлық палатаның есебімен қатар Мәжіліске жылумен жабдықтау саласындағы басқару тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысы бойынша есеп енгізілді. Анықталған фактілер мен әзірленген ұсынымдар осы салада жүргізіліп жатқан жұмысты жетілдіруге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Сондай-ақ, Жоғары аудиторлық палата осы жылдың соңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының бүкіл 20 өңірлік бөлімшесіне кешенді аудит жүргізуге кірісетінін айта кетейін», - деді Наталья Годунова.


Соңғы жаңалықтар