Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна 140 млрд теңгеден асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың алғашқы айында Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңге көлемінде жарна түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 140,52 млрд теңгені құрады. Оның 131,86 млрд теңгесі (шамамен 93,8%) - жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,66 млрд теңге (6,2% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», делінген баспасөз баянында.

Келтірілген деректерге қарағанда, аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Соңғы жаңалықтар