Медициналық сақтандыру қорына түсетін аударымның 3% резервке қойылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшерін белгілеу туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйырығы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 10-2 тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервінің мөлшері қорға аударымдар көлемінің 3 пайыз мөлшерінде белгіленсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.

Мәлім болағандай, бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министріне жүктеледі.

Бұйрық жобасы 18 сәуірге дейін ашық талқылауда болады.

Еске салайық, Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар