Медициналық сақтандыру қорына 122,47 млрд теңге түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам жарна түсті. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметінен хабарланды.

Ақпаратқа қарағанда, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 122,47 млрд теңгеге жеткен.

Бұның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,64 млрд теңге (7%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Соңғы жаңалықтар