+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

МСҚ емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырады

2019 жылғы 14 тамыз 21:41
Бөлісіңіз:
МСҚ емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігімен бірлесіп халыққа қызмет көрсететін емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырып жатыр. Бұл туралы Алматыда медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте алдағы жылы 1045 дәрігер білімін жетілдіреді Елжан Біртанов дәрі-дәрмек сапасын тексеру жайында айтты СҚО: Денсаулық сақтау жүйесінде сатып алу алғаш рет электронды форматта жүргізілді

«Қаржыландыру көлемі артқаннан кейін медицина ұйымдарынан түсетін өтініштер мен келісімшарттар саны да екі есеге көбейеді. Сондықтан біз сатып алу процесін де жетілдіріп жатырмыз. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында қызмет көрсететін компаниялар базасын жасау, конкурсқа қатысуға өтініш беру, сатып алу процедурасы, жеткізушілерді іріктеу комиссияларының жұмысы да толығымен автоматтандырылады. Бұл жұмыстың бәрі электронды сатып алулар порталы арқылы онлайн режимде жүргізіледі», - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатып алынатын қызметтерді емдеу мекемелері арасында бөліске салу жұмыстарының нәтижесі денсаулық сақтау саласындағы төлем жүйелеріне жіберіледі. Содан кейін Қор мен жеткізушілер арасында келісімшарт бекітіледі. Бұл өзгерістердің бәрі де медициналық қызметтерді сатып алу процесінің ашықтығын, тиімділігін қамтамасыз етпек.

«Қазірдің өзінде Қорда келісімшарттар мен қосымша келісімдер автоматты түрде қалыптастыру функциясы іске қосылған. Осы тамыз айында құжаттардың бір бөлігіне цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қоюға мүмкіндік аламыз», деп қорытты МСҚ басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT